Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда Formula-1 жарыстарына арналған автожол салынады

Атырауда Formula-1 жарыстарына арналған автожол салынады
Фото: shutterstock

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жаңа Formula-1 деңгейіндегі автотрек жобасында жастарға арналған бөлек аймақ қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жобаның инвесторы  кәсіпкер Шота Абхазава болып отыр.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Шәпкенов жобаның егжей-тегжейін түсіндіріп, журналистің «трассада әуесқой жарыстар өткізуге бола ма?» деген сұрағына жауап берді.

«Бұл жоба ұсынылған кезде мен өзім инвесторға сол сұрақты қойдым. Өйткені, ашық айту керек, қазір жастар заңсыз көшеде немесе тасжолдарда жарыстар өткізеді. Біз олардың қай жерде өтетінін бақылап, қауіпсіздік пен басқа факторларды тексереміз. Сондықтан осы тасжолда жастар үшін арнайы мүмкіндік қарастырылған», - деді Шәпкенов.

Әкімнің айтуыншы, әуесқой жарыстар тек оқытудан өткен, қажетті құрал-жабдықтары бар және барлық қауіпсіздік нормаларын сақтайтындарға рұқсат етіледі. Қазіргі кезде жобалау жұмыстары жүріп жатыр және шамамен 2–3 жылдың ішінде құрылыстың басталу және аяқталу мерзімі анықталмақ.

Әкімнің айтуынша, жобаның бастамашысы кәсіпкер Шота Абхазава  Атыраудағы ірі вагон зауытының иесі. Жобаны инвестор жеке қаражаты есебінен жүзеге асырады, ал әкімдік жер телімін бөліп берген.

«Ол өзі жарыстарға қатысады. Сондықтан, бұл оның сүйікті спорты және өңірде осы спортты дамытқысы келеді», - дейді Шәпкенов.

Аймақ басшысы инвестор жобалық жұмыстарға кіріскенін,  Италиядан сәулетшілер және тасжолдар салатын компания тартылғанын айтты. Кешен Атырау әуежайы маңында салынады. Жобаның ресми таныстырылымы желтоқсанның екінші жартысында өтеді деп жоспарланған.

Тасжолмен қатар жобада «Ақ Жайық» қонақүйінің орнына үлкен көпфункционалды кешен және «Самал» шағын ауданында шипажай-сауықтыру орталығын салуды да қарастырылған.

 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі