KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Атырауда ерекше өнерімен танылған азамат өмірден өтті

• Қайсар Қанат
Аурухана. Көрнекі фото: Pramote Polyamate/Getty Images

Қаралы хабарды журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде жариялады. Марқұм ерекше өнерімен ел назарын аударып, көлігінің артқы терезесіне танымал адамның бейнесін сіріңкемен салған болатын.

Руслан Өтепбай сол кезде Асланмен арнайы кездесіп, оның шығармашылығына тәнті болғанын еске алды.

"Атыраулық Аслан есімді азамат көлігінің артқы терезесіне менің суретімді сіріңкемен салып, көпшілікті таңғалдырған еді. Сол кезде Асланмен жүздесіп, ерекше өнеріне тәнті болып, алғысымды айтқан болатынмын.

Өкінішке қарай, кеше Асланның өмірден өткенін естіп, қатты қайғырдым. Жақында ғана күлімдеп, қол алысып тұрған азаматтың бүгін арамызда жоқ екеніне сену қиын…" – делінген жазбада.

Сондай-ақ жазба авторы адам өмірінің өткінші екенін айтып, марқұмның отбасына көңіл білдірді.

"Адамның ғұмыры қамшының сабындай қысқа екен ғой… Асланның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқап, иманын жолдас етсін! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын".

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →