Спорт

Атырауда дзюдодан Қазақстан біріншілігі басталды

Атырауда дзюдодан Қазақстан біріншілігі басталды

Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді.

Ел чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, Күрес түрлері бойынша республикалық Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Мұратбек Қыпшақбаев, Атырау дзюдо федерациясының президенті Нұрлыбек Ожаев қатысты.

Сондай-ақ, жарыстың ашылу салтанатында Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Сәдуақас Бекарыс "ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" куәлігімен және оның бірінші бапкері Азамат Балпухов "ҚР Еңбегін сіңірген жаттықтырушы" куәліктерімен марапатталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қыздар -44 келі, -48 келі және -52 келі салмақ дәрежесінде, ал ұлдар -55 келі, -60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Назарларыңызға бірінші жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

e5f671aee744ed97774afca6e802e4ab.JPG
e5f671aee744ed97774afca6e802e4ab.JPG

Ұлдар

55 кг

1. Ұлықбек Әбілхайр (Атырау облысы)

2.Сүндет Алмазұлы (Шымкент)

3.Шерзод Давлатов (Алматы)

3.Мағжан Әбіласан (Қызылорда облысы)

d4aff29ddc89f888d8bd5f6bc8700c37.JPG
d4aff29ddc89f888d8bd5f6bc8700c37.JPG

60 кг

1.Болат Білал (Жамбыл облысы)

2.Абдусамат Бақыт (Атырау облысы)

3.Дамир Болатбеков (Алматы облысы)

3.Есентай Иманханов (ШҚО)

0633bd82ba44f6ef02b23368d2ec896e.JPG
0633bd82ba44f6ef02b23368d2ec896e.JPG

Қыздар:

44 кг

1. Құлым Сара (Түркістан облысы)

2. Маргарита Бажаева (Қарағанды облысы)

3. Хамария Амиргалиева (Атырау облысы)

3.Айсұлу Жулманова (Қостанай облысы)

04783a2b8ea0d7cfb7fae66b24fc0960.JPG
04783a2b8ea0d7cfb7fae66b24fc0960.JPG

48 кг

1.Ғалия Тынбаева (Алматы)

2.Ақмарал Науатбек (Астана)

3.Бибіхан Набиева (Қызылорда облысы)

3.Айсұлу Орынғазықызы (ШҚО)

9a96e9b2d98e4b1b2d54f2973065eb54.JPG
9a96e9b2d98e4b1b2d54f2973065eb54.JPG

52 кг

1.Нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы)

2.Балнұр Құрманбай (Алматы)

3.Диана Ғайбулла (Қызылорда облысы)

3.Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)


Дереккөз: prosports.kz/kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz