- Атырау облысы қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары экономиканы диверсификациялау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Дәстүрлі мұнай саласымен қатар ауыл шаруашылығын, туризмді дамытуға көңіл бөлінуде. Жаңа мекемелер ашылып жатыр, - деді Нұрлан Ноғаев. - Балық саласын дамыту да әркез назарда. Сондықтан балық шаруашылығы басқармасын құру туралы шешім қабылданды.
Аймақ басшысы облыс активіне жаңа басқарма басшысын таныстырып, мемлекеттік қызмет құрылымындағы жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін атап өтті.
– Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз өзіңізге де, ұжымыңызға да алдарыңызға қойылған міндеттерді атқаруға септігін тигізеріне сенеміз. Бұл бағытта көп жұмыс істеу керек. Аймақтың балық саласындағы бұрынғы даңқын қалпына келтіру керек. Бүгінде балық аулаумен және өңдеумен айналысатын 17 табиғат пайдаланушы, 2 бекіре зауыты бар. Міндет – балық өнімдерін шығару көлемін көбейту. Балық шаруашылығын дамыту жаңа басқарма жұмысының басым бағыты болуы тиіс, - деді Нұрлан Ноғаев.
Артур Сәдібекұлы өз кезегінде облыс әкімі мен жиынға қатысушыларға алға қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін барлық тәжірибесі мен қабілетін көрсететінін айтты.