Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда 22 жастағы бойжеткен лифтінің шахтасына құлап кетті

Атырауда 22 жастағы бойжеткен лифтінің шахтасына құлап кетті

Атырауда 22 жастағы ару істен шыққан лифтіден өз еркімен шығамын деп, лифтінің шахтасына құлап кетті деп хабарлайды "Мой город".

Қазіргі уақытта жәбірленуші облыстық аурухананың невротравматология бөлімінде ем қабылдауда.

Бойжеткеннің сол жақ иығы мен арқасы, белі мен жамбасы жараланған.

Дәрігерлер қазіргі уақытта бойжеткеннің жағдайын бірқалыпты деп бағалап отыр.

Оқыс оқиға таңғы 6-да орын алған. Бойжеткенмен бірге лифтіде тағы үш адам болған.

Лифт тоқтап, бойжеткен өз еркімен шықпақ болғанда жедел саты шахтаға құлап кеткен.

Бойжеткенмен бірге шахтаға жас адам құлаған, алайда оның денсаулығына зиян тимеген.

Ал қалған екі тұрғын лифті ішінде қалып, көмек күткен.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Қайрат Хәбиев құтқарушылардың екі адамды лифтіден шығарып алғанын айтты.

Қазіргі уақытта лифт қайта жөнделген. Оның неліктен тоқтап қалғанын мамандар тексеру үстінде.

Автор
Арман