Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Нұржау ауылында суға кеткен бала қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
Қайғылы оқиға 25 мамыр күні кешкі сағат 18:30 шамасында Шарон өзенінде болған. 2016 жылы туған бала рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Кейін оның денесі судан шығарылды.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде суға шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылмаған.
Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып, балаларды су айдындарына ересектердің қарауынсыз жібермеуді ескертті.