Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының жағдай бүкіл қазақ елінің қабырғасын қайыстырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Осы аймақтағы мәселелені мән-жайын анықтап, хабар таратқан журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады.
"Кеше Атырау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы, генерал-майор Бекеев Оңал Ботайұлы жүздестік. Фото-видеосыз кездесу болсыншы деген соң көптің ұсынысына келісіп түсірмедім. Сызылып отыратын сәт емес. Өйткені ел үрейде отырғанда келген басшы. Мен Жангелдин трагедиясы бойынша көкейде түйінді ашып, айту үшін бардым. Басы-қасында жүргенде не көрдім? Нені түсіндім? Қазіргі көптің пікірі қандай? Осыны айттым. Аға буын әріптестер де қолдады. Мүмкін жаңа басшыға менің эмоциямен айтқаным ұнамаған болар. Бірақ айттым. Айтарым да көп еді, бірақ өзгелердің уақытына құрметпен қарадым. Көрісе салып, сын айту орынсыз дейтін болар. Бірақ бір «сүйкімсіз» мен-ақ болайын. Талай басшылар келіп кетіп жатыр. Елде қалатын біз. Дейтұрғанмен генерал Оңал Ботайұлы «Бұл қылмысты министрліктен бастап мықтап қолға алды. Күні-түні басты бақылауымызда. Жуықта ашылады” деп сендірді. “Елдің жаңа басшыдан естігісі келіп отырғаны да осы” дедім".