KZNews.kz
Шоу-бизнес

Атырау облысында салық қызметінің басшысы ұсталды (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Еркебұлан

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік тағылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды.

Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=NhE3rOrNO-I[/embed]


stan.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →