KZNews.kz
Жаңалықтар

Атырау облысында 10-сынып оқушысының денесі өзінің үйінен табылды

Қайсар Қанат
UNICEF/2014/Giacomo Pirozzi

Доссор кентінде 10-сынып оқушысының денесі өзі тұрған үйден табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға өз-өзіне қол жұмсау болуы мүмкін. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қайғылы жағдайдың нақты себептері әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, марқұм қыз белсенді, мектепте жақсы оқитын оқушы болған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →