Қоғам

Атырау мен Ақтауда «әдемі нөмірге» сұраныс артты: тұрғындар таңғы бестен кезекте тұр

Ayzhan Sylanova Ayzhan Sylanova
Атырау мен Ақтауда «әдемі нөмірге» сұраныс артты: тұрғындар таңғы бестен кезекте тұр
Фото: Ақжайық

Демалыс күндері аяқталысымен Атырау мен Ақтау қалаларындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек күрт көбейді. Бұған 1 қаңтардан бастап қазақстандықтарға көлік нөмірін өз қалауынша таңдауға мүмкіндік берілгені себеп болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақтау жаңалықтарын тарататын Lada.kz басылымы арнайы ХҚКО-ларда таңғы сағат бестен бастап кезекке тұрған тұрғындарды видеоға түсірген. Қалаған цифрлар мен әріптер комбинациясынан тұратын нөмір алу үшін азаматтар ұзақ уақыт күтуде.

Бұл ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалы да растады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, азаматтар белгіленген төлемді жасап, өзіне ұнайтын мемлекеттік тіркеу нөмірін алу үшін кезекке тұрған. Сонымен қатар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

«Азамат өзі таңдаған сан мен әріптерден тұратын мемлекеттік нөмірдің құны 10-нан 15 айлық есептік көрсеткішке дейін болады. Ал VIP-нөмірлер бұрынғыдай жеке тариф бойынша рәсімделеді», – деп жазады басылым.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлері тек қолданыстағы заң талаптарына сәйкес беріледі.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz