KZNews.kz
Шоу-бизнес

Атырау әкімі жиналыста ұйықтап қалған шенеунікті сөгіп тастады (видео) - новости Казахстана

Жандос

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Құлсарыда жиын өткізіп, Жылы ой тұрғындарының сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды newsasia.kz ақпараттық агенттігі.

Фото: Видеодан кадр, Facebook/ caspiannews.kz

Барлық ведомство басшылары мен аудан тұрғындары қатысқан жиында Нұрлан Ноғаев ұйқыға кеткен шенеунікті оятты.

Ол өз алдында мүлгіп отырған мемлекеттік қызметкерге "Түнгі ауысымнан келдіңіз бе?", - деп жекіді.

Артынша облыс басшысы тыңдауға құлқы жоқ адамдардың залдан шығып кетуін сұраған.

Ал отырыста білім, денсаулық және бала құқықтарына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Бейнежазба Caspian news парақшасында жарияланған


Дереккөз: kaz.nur.kz
Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →