Оқу-ағарту министрлігі, жетекші жоғары оқу орындары мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірқатар лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шаралар Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған, деп хабарлайды kznews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Биыл ақпан айында орта білім беруді дамытуға бағытталған бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына баға беру мақсатында мемлекеттік аудит жүргізілді. Тексеру барысында аудит мамандары педагогтерді даярлау мен жұмысқа орналастыру, оқу процесін әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеу және басқа да бағыттар бойынша бірқатар мәселе мен кемшілік анықтады», — делінген хабарламада.
Осыған байланысты палата уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарауды тапсырған.