Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрлігінің басшылығына тағайындалуын өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтты. Оған қоса, ол СІМ ұжымын өзіне жақын екенін жеткізді деп жазады Tengrinews.kz.
Фото: Sputnik Қазақстан
Атамқұловтың сөзінше, бұрынғы министрлік ол үшін жаңа сала болса, сыртқы саяси ведомство ол үшін үйреншікті, қыр-сырын білетін сала.
"Мен үшін СІМ - мен жұмыс істеген жол, онда менің жақын әріптестерім бар. СІМ қызметкерлерінің 80 пайызы - ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеген әріптестерім. СІМ саяси аспектілерін біліп, біз енді экономикалық блокты қосатын боламыз, яғни сыртқы саяси жұмысқа көбірек экономизация жасаймыз" , - дейді министр.
Атамқұлов өткен жыл өзі үшін аса сәтті болғанын да айта кетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бейбіт Атамқұловтың сыртқы істер министрі болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.