Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Орынбектің өмірден өткен досына арналған көңіл айту жазбасы жарияланды. Ол марқұмды жақсы дос әрі әріптес ретінде еске алып, соңғы аудиохабарламасын ұмытпайтынын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
«Ғабеке… Дос… Әріптес… Жақсы адам…Бұл соңғы аудиоң екенін білмедім… 11 қазанға умраға бірге бара алмадық. 16-сы күні артыңнан жетемін деп едің… Елді ойлаған жүрегің осылай жас шағыңда жалындап тұрып өшіп қалатынын кім білген. Жаның жәннатта болсын», – деп жазды ол.
Автор марқұмның ел қамын ойлаған азамат болғанын атап өтіп, досынан айырылудың ауыр екенін аңғартты. Жазбада оның қимастық сезімі мен жақын адамына деген құрметі көрініс тапқан.