Назарбаевтың немересінің сұхбаты YouTube-тен өшірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атақты қазақстандық гроссмейстер өзбекстандық шахматшыға тұрмысқа шықпақ

Атақты қазақстандық гроссмейстер өзбекстандық шахматшыға тұрмысқа шықпақ
Фото: www.instagram.com/bibisarachess/

Комил Синдаровтың сөзін журналист Олимжон Усаров жариялаған. Атасының айтуынша, кәсіби шахматшы үшін өмірлік серігінің осы спорттың ерекшеліктерін түсінуі айрықша маңызды. Себебі Жавохир Синдаров жылына бірнеше ай ғана емес, уақыттың басым бөлігін шетелде өткізіп, халықаралық жарыстарға қатысады.

Өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровтың атасы Комил Синдаров немересінің қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаевамен шаңырақ көтеретінін растады. Ол болашақ келініне қатысты пікір білдіріп, бұл некеден үлкен үміт күтетінін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның пікірінше, шахмат әлемінен хабары бар адамның спортшының өмір салтына бейімделуі жеңілірек болады. Ал жарыстар мен үздіксіз сапарлардың мәнін түсінбейтін адам үшін мұндай тіршілік қиындық тудыруы мүмкін.

«Үйлену тойы болады. Бұл некеден үмітіміз зор. Егер Жавохирді шахмат әлемін түсінбейтін басқа бір қызға үйлендірсек, бұл қиындық тудыруы мүмкін. Қазір ол жылдың 12 айының 11 айын шетелде, жарыстарда өткізеді. Онымен бірге сапарлап жүру керек. Ал шахматқа қызықпайтын адам үшін бұл үлкен қиындық болар еді. Сондықтан бұл одақ бізге барлық жағынан қолайлы», – деді Комил Синдаров.

Сондай-ақ ол Бибісара Асаубаеваның Қазақстан азаматы екенін де атап өтіп, бұл жайтты екі ел арасындағы достық байланыстар тұрғысынан бағалайтынын жеткізді. Осы орайда Комил Синдаров тарихқа тоқталып, Әмір Темірдің ұрпақтарына жар таңдауда өзге мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуға мән бергені туралы мысал келтірген.

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың жақын қарым-қатынасы туралы ақпарат биыл көктемде тарай бастады. Олардың бірге түскен суреттері мен Парижге жасаған сапарынан кейін жұптың жеке өміріне қатысты әңгімелер көбейді. Кейін Жавохирдің отбасы бұл қарым-қатынасты қолдайтыны туралы мәліметтер жарияланды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.