Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ата-анасы да, балалары да егіз: ерекше отбасы желіде жұртты сүйсінтті

Ата-анасы да, балалары да егіз: ерекше отбасы желіде жұртты сүйсінтті
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде егіздерден құралған ерекше отбасы туралы жазба көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары бір шаңырақтағы ерлі-зайыптылардың да, балаларының да егіз екеніне таңғалып, жылы пікірлерін жазып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Белгілі болғандай, отбасындағы егіз ағайындылар мал дәрігері болып жұмыс істейді. Ал егіз қыздар адам жанына жақын мамандықтарды таңдаған: олар психолог, логопед және дефектолог саласында еңбек етеді.

Жазба авторы олардың тек сырт келбеті ғана емес, өмір жолы мен мамандық таңдауы да ұқсас екенін атап өткен.

"Егізбіз, мамандығымыз да бірдей, бір жерде жұмыс істейміз", – деп жазған ол.

Бұл оқиға желі қолданушыларын тәнті етті. Көпшілік мұндай үйлесімділікті сирек кездесетін ерекше жағдай деп бағалап, отбасына бақыт тіледі.

"Жар таңдауда да, мамандық таңдауда да жолдарыңыз болған екен", "Берекелі отбасы екен, бақыттарыңыз арта берсін", "Егіздердің жарасымы бөлек қой", "Менің де егіз немерелерім бар, осылай тату болсын", – деп пікір қалдырған оқырмандар.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер