"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ата-анам да, баспанам да жоқ: Бетперделі жігіт жас қыздың еміне 40 млн теңге беріп, үй сыйлады

Ата-анам да, баспанам да жоқ: Бетперделі жігіт жас қыздың еміне 40 млн теңге беріп, үй сыйлады
Видеодан алынған кадр

"Бетперделі жігіт" лақап атымен танылған қазақстандық блогер ауыр дертпен күресіп жүрген 20 жастағы Бибіжанға көмек қолын созды. Жас қызға баспана беріліп, қымбат ота жасауға қаржылай көмек берілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бибіжан созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауырады. Екі бүйрегі жұмыс істеметіндіктен, ол гемодиализ аппаратының көмегіне жүгініп отыр. Ол ата-анасы қайтыс болғаннан кейін пәтер жалдап тұрған. Оның өз атында баспанасы болмаған. 

"Менің ештеңем жоқ екенін түсіндім. Ата-анам да, денсаулығым да, баспанам да жоқ. Осы әлемде жалғыз қалғандай болдым", – деді Бибіжан.

Бүгінде оған Беларусьте бүйрек трансплантациясын жасату үшін 40 млн теңге қажет. Бетперде таққан жігіт Бибіжанға жеке жолығып, емге қажетті ақшаның жиналғанын айтты. Бұдан бөлек ол қызға пәтер кілтін табыстады.

Қазақстандықтар Бетперделі жігіттің әрекетіне тәнті болып, оған алғыс айтып жатыр. 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.