Асылхан Төлепов Қырғызстанда ең үздік актер атанды
25 желтоқсан, 2018
Асылхан Төлепов Қырғызстанда ең үздік актер атанды
Актер Асылхан Төлепов Қырғызстанда марапатқа ие болды. Сүйінші жаңалықты актерді өзі жеткізді.
«Сүйінші, ағайын! Жаңа ғана Қырғыз елінде "Время стойкиx. Көк-бөрү" фильмінде басты рөлді сомдағаным үшін "Жылдың ең үздік актеры" атандым. Қолдау көрсеткен барша жандарға алғысымды айтамын. Тәуелсіз еліміздің айбынды ұланы ретінде жеңісімді ҚАЗАҚ еліне арнаймын»-деп жазған.