Басты тақырып

Нұр-Сұлтанда баспанаға құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтанда баспанаға құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтанның Тұрғын үй орталығы 2-9 желтоқсан аралығында "халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары" үшін сатып алу құқығынсыз жа берілетін баспанаға құжат қабылдау басталатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Барлығы 309 пәтер бөлінді, оның ішінде:


  • 165 бір бөлмелі пәтер (34-36 шаршы метр);

  • 141 екі бөлмелі пәтер (48-51 шаршы метр);

  • 3 үш бөлмелі пәтер (68 шаршы метр).


Орналасқан жері: Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай, Сарыбұлақ өзенінің бойындағы тұрғын үй кешені – Лот Б-7.

Әлеуметтік әлжуаз топтарға кімдер жатады:



  • жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

  • басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер;

  • бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

  • мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түріне шалдыққан азаматтар;

  • жасы бойынша зейнетке шыққандар;

  • жетім балалар;

  • қандас;

  • экологиялық апат салдарынан баспанасынан айырылғандар;

  • қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары;

  • толық емес отбасылар.


Айта кетсек, 309 пәтердің 93-і жетім балаларға қарастырылып отыр.

Құжат тапсыру шарттары


Өтініш 2-9 желтоқсан аралығында қабылданады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді?

Құжат қабылдау zhilfond.kz сайты арқылы ("Онлайн қызметтер" бөлімі - "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға өтініш беру") тек электронды түрде жүргізіледі.

Пәтер "Халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы" санаты бойынша елордада баспана кезегінде тұрғандарға ғана беріледі.

Ай сайынғы жалға алу құны – 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейінгі аралықта.

Қалай тапсыруға болады



  • ЭЦҚ кілті;

  • балалардың туу туралы куәлігі/отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;

  • өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болған жағдайда).


Өтініштерді қарау нәтижесі zhilfond.kz сайты мен Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/capital_life/20201130/15613972/baspana-qujat.html

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz