Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Асхат Шахаров Хромтау қаласы әкімінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Асхат Шахаров Хромтау қаласы әкімінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: Хромтау ауданының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Астанада өткен есептік брифингте Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаевтың қамауға алынуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист тергеу барысында Сағындық Шабықбаевтың кінәсі расталса, Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов жауапқа тартылуы мүмкін бе деп сұрады.

«Иә, бұл мәселе қаралуда. Барлық іс-қимылдар заң аясында жүзеге асады. Егер тергеу барысында адам қылмысқа қатысы бар екені дәлелденсе, ол міндетті түрде жауапқа тартылады», - деді Шахаров.

Әкімнің айтуынша, тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, нақты шешімдер тек сот үкімі шыққаннан кейін қабылданады.

Сағындық Шабықбаев 40 жаста, екі жыл бойы Хромтау қаласы әкімі қызметін атқарған, бұған дейін әкімнің орынбасары болған.

Еске салсақ, 11 қарашада сот шешімімен Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев екі айға қамауға алынған болатын. Тергеудің нақты қандай бап бойынша жүргізіліп жатқаны ресми түрде жарияланбаған, алайда кейбір БАҚ оның пара алу күдігіне ілінгенін жазған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі