Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астрономия туралы қазақша реферат

Астрономия туралы қазақша реферат

Астрономия (гректің astron –жұлдыз және  nomos заң) – ғарыштың денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас ғалам тұралы ғылым. Адам баласының өмірлік қажеттілігінің негізінде пайда болған ежелгі ғылымдардың бірі. Шығыс халықтарында б.з.б. 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер  пайда болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа экватордың эклиптикаға көлбеулігі, күн мен ай тұтылуының қайталану периоды (сарос) белгілі еді. Грекияда жердің шар тәрізділігі  туралы ілім қалыптасты. Ежелгі қазақ даласын мекендеген халық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынща жыл мезгілдері жер тараптарын айыра білген. Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының  батыс тұсынан б.з.б. 5 ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылған.

Астрономияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталады, Жердің       айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрқты шамалардың мәндері анықталады.

Сфералық астрономияда аспан объектілерінің орны мен қозғалысы  математикалық тәсілдермен анықталады.

Тәжірибелілік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып, уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау әдістері жүйеленеді.

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Автор
Мадияр