Шоу-бизнес

Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді

Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді

2018 жылғы 23 желтоқсан 14:41 457

Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 1600-ге жуық елорда тұрғыны дәстүрлі Аstana Winter Marathon-2018 шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марафон ұйымдастырушылары мәлім еткендей, астаналықтармен бір мезгілде еліміздің бірнеше қаласында 300-ге жуық адам белгіленген қашықтықтарды жүгіріп өтті.

Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
 

Жарыс бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Ереже бойынша марафонға 12-74 жас аралығындағы қатысушылар жіберілді. Төрт дисциплина болды - 42, 21, 10 және 5 шақырым. Бірақ аязға байланысты 42 шақырым 21-ге қысқартылды.

5 шақырым қашықтықта ерлер арасында Серік Исмаилов (16:51 минут), Серік Айтқазин (16:58), Алексей Жданов (17.18) көш бастады. Әйелдер арасында Адель Шахайдар (18:42), Пак Яна (21:33), Азия Жыланбаева (25:26) озып келді. 

10 шақырым қашықтықта ерлер арасында Мирас Жетібаев (38:02),  Рустам Сәтжанов (38:24) пен  Диас Жетібаев (38:26) үздік деп танылса, әйелдер арасында Зарина Ментаева (46:07), Элвира Нұрмұстафина (51:24) және  Жазира Оралбекова (52:33) жүлдегер атанды.

Ең ұзақ дисциплина - 21 шақырымда ерлер арасында мәреге алғаш жеткен Базарбай Дәуітәлиев (01:15:52), Әкім Еркебай (01:18:02), Ильдар Халиулин (01:20:48), Алексей Мешалкин (01:20:52), Сүндет Қайыртаев (01:23:04),  Сағындық Ермағамбет (01:24:04) естелік сыйлықтармен марапатталды.

Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
 

Әйелдер арасында 21 шақырымда Татьяна Миргородская (01:38:13), Жанерке Нұрбайқызы (01:42:19), Гүлмира Әменова (01:43:13), Әсел Құспанова (01:47:31), Ксения Асинская (01:47:56), Паулина Лейман (01:52:03) үздік болды.

Айта кетейік, Астанадағы қысқы марафон биыл екінші рет ұйымдастырылды. 2017 жылы алғаш рет ұйымдастырылған қысқы марафонда 400-ге жуық адам жүгірген еді.

Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
 
Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
 


Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz