Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астананы көру үшін Қытайдан атпен шыққан жұбайлар Қазақстанға жетті

Астананы көру үшін Қытайдан атпен шыққан жұбайлар Қазақстанға жетті

Бұл туралы Күрті ауылдық округінің әкімдігі Instagram желісінде мәлім етті. Әкімдік мәліметінше, Қуанбек пен Жәйнаның ат үстінде жүргеніне 1 ай болды.

Ұлттық Дәстүрді дәріптеген саяхатшыларды Күрті ауылдық округ әкімі Ғабит Даниялұлы мен әкімдік қызметкерлері, Ақши ауылының тұрғындары, Мәдениет үйінің қызметкерлері құрметпен қарсы алып, жөн сұрасты. Қонақтарға ақ дастархан жайылып сый құрмет көрсетіліп, Мәдениет үйі қызметкерлері тарапынан ән шашу ұсынылды.

Қуанбек пен Жәйна Қазақстанға 8 тамызда шыққан. Тарбағатай аймағынан Қорғас бекетіне дейін 900 шақырым жүрген оларды ағайын туыс пен екі ұлы шекараға дейін шығарып салған, кеден талабына сай өз аттарын арғы бетте қалдырған, Қорғаста басқа жылқыларға мінген.

Ерлі-зайыптының өзгеше сапарының мақсаты – ұлттық дәстүрді дәріптеп, екі елдің арасындағы мәдени байланысты арттыру. 12 жыл бұрын отау құрған ерлі-зайыпты жылқы малын көбейтумен айналысады.

"Ақшиге дейін шаршамай жеттік", - дейді Жәйна Еркінқызы.

Қуанбек пен Жәйна ұлттық киім киіп, атпен ел аралауды 4 жыл бұрын бастаған. Олар алғаш рет Тарбағатай аймағынан шығып Бейжіңге дейін 4 мың шақырымды 74 күнде жүрген, одан кейін Қытайда өткен 500 шақырымдық атты марафонға да қатысқан. Ендігі сапары 2500 шақырымға жуық.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.