KZNEWS.KZ
Әлеумет

Астаналық ерікті кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді зорлаған

• Азамат Қойшығара

Зорлық жасалды деген жәбірленуші - 2008 жылғы бозбала, деп хабарлайды kznews.kz.

Астанада волонтерге қатысты "Зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады.

Екі адам күдікті ретінде ұсталды, бірі - "Асар Астана" іздестіру-құтқару жасағының волонтері.

"Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →