KZNews.kz
Әлеумет

Астаналық әйелге марқұм әкесінің атынан «сәлемдеме» келген

Азамат Қойшығара
Ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде Астана тұрғыны түсірген видео тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Онда белгісіз адамның әйелге әкесінен сәлемдеме келгенін бірнеше рет қайталап айтып, оның аты-жөнін сенімді түрде атағаны естіледі. Сондай-ақ ол сыйлық үшін ешқандай төлем жасаудың қажеті жоқ екенін жеткізген.

Алайда әйел бұл ақпараттың жалған екенін айтып, әкесінің тоғыз жыл бұрын қайтыс болғанын мәлімдеді. Осылайша ол алаяқтың өтірігін әшкереледі.

Әйел оларға адамдарды алдамас бұрын тірі ме, жоқ па соны тексеріп алуға кеңес берді.

Аталған видео желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, алаяқтық әрекеттерден сақ болу керектігін тағы бір мәрте еске салды.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары