Астанаға ұшып келген он адамнан 223 дана iPhone 18 тәркіленген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанаға ұшып келген он адамнан 223 дана iPhone 18 тәркіленген

Астанаға ұшып келген он адамнан 223 дана iPhone 18 тәркіленген
фото: ашық дереккөз

Бұдан басқа азаматтар 10 дана AirPods құлаққабын алып өтпек болған. Кеден бекеті бұл тауарлардың бәрі декларациядан өтпегендіктен, заңсыз тауар деп тәркілеп алған.

Астанадағы кеден бекетінің қызметкерлері 10 адамнан 223 дана соңғы үлгідегі iPhone 18 смартфон тәркілеп алған, деп хабарлайды kznews.kz

«Әуежай – Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелуге қатысты 10 фактінің жолын кесті. Барлығы 223 дана iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods құлаққабы табылды», – деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Жалпы, заң бойынша жеке пайдалану мақсатында бір адам 2 телефон әкеле алады. Бұдан көп тауар алса, онда тауарды кедендік декларациядан өткізу керек.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.