«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанадан Нью-Йорк, Лондон және Парижге: Бектенов жаңа әуе рейстерін іске қосуды тапсырды

Астанадан Нью-Йорк, Лондон және Парижге: Бектенов жаңа әуе рейстерін іске қосуды тапсырды
Фото:depositphotos.com

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жыл соңына дейін Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашуды тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет отырысында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов авиация саласын дамыту және халықаралық әуе қатынасын кеңейту еліміздің одан әрі экономикалық өсуі үшін маңызды жағдай болып отырғанын атап өтті.

«Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стратегиялық жоспарына сәйкес, 2050 жылға қарай жолаушылар саны жылына 12 миллиардтан асады, ал коммерциялық ұшақтардың әлемдік паркі 2034-ші жылға қарай екі есеге артады. Мұндай жағдайда біз әлемдік авиацияның жаһандық жүйесіне ене отырып, өз орнымызды иеленуіміз керек. Жаңа халықаралық бағыттарды, атап айтқанда Еуропалық одақ елдері мен АҚШ-қа рейстер ашу жұмысын жеделдету қажет. Бұл ретте, билет бағасы бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Әсіресе, Астанадан ұшатын халықаралық әуе бағыттарына ерекше назар аударған жөн»,- деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар халықаралық маршруттық желіні кеңейтуге баса назар аударылды.

Осыған орай Көлік министрлігіне Air Astana компаниясымен бірге осы жылдың соңына дейін елордамыздан Токио мен Нью-Йоркке, ал 2027 жылы – Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің астаналары мен басқа да қалаларына тікелей әуе қатынастарын ашу тапсырылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі