Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанадағы стоматологиядағы сәбидің өлімі: Бір жыл өтсе де, клиника жұмысын тоқтатпаған

Астанадағы стоматологиядағы сәбидің өлімі: Бір жыл өтсе де, клиника жұмысын тоқтатпаған
Фото: ашық дереккөз

Астанада жеке стоматологияда көз жұмған 3 жасар қыздың өліміне қатысты тергеу әлі жалғасуда. Қайғылы оқиға болғанына бір жылдан асса да, клиника жұмысын тоқтатпаған, деп хабарлайды kznews.kz.

2024 жылдың күзінде дәрігерлер бүлдіршіннің бірден 18 тісін жалпы наркозбен емдеуге кіріскен. Әкесі Талғат Құмаровтың айтуынша, барлық алдын ала тексерулер жасалып, ата-ана ұзақ процедураға дайын болған. Бірақ бірнеше сағатқа созылған емнен кейін бала наркоздан оянбаған. Жедел жәрдем қызметі 40 минут бойы реанимация жасағанымен, қызды құтқару мүмкін болмады.

«Седация үш жарым сағаттан асты. Қызым есін жимады. Реанимация кезінде дәрігерлер тырысты, бірақ жүрегі тоқтап, миы ісінгенін айтты», – дейді әкесі.

Қазір сот алдында тек анестезиолог отыр. Ол кәсіби міндетін дұрыс орындамады деп айыпталып, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда жәбірленуші тарап істің жалғыз маманға ғана тірелуімен келіспейді.

«Жауапкершілік анестезиологқа ғана емес, стоматологқа да, клиникаға да қатысты болуы керек. Трагедия осы жерде болды, ал мекеме әлі де жұмыс істеп отыр», – дейді отбасының адвокаты Руслан Айтжанов.

Клиника жетекшісі Надежда Хон түсініктеме бермей, тек сараптама қорытындысын күтіп отырғанын айтты. Оның сөзінше, оқиға күні анестезиолог жұмыстан кеткен, содан бері клиника жалпы наркоз қолданбайды. Ал ем жасаған стоматолог әлі де пациент қабылдай береді.

Сот процессі де баяу жүруде. Соңғы тыңдалым айыпталушы адвокатының сырқатына байланысты кейінге қалды. Судья істі тағы созатын болса, қорғаушыны ауыстыру мүмкін екенін ескертті. Келесі отырыс 27 қарашағабелгіленген. Отбасы істің созылмай, жан-жақты қаралуына үміт артып отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.