KZNews.kz
Қоғам

Астанадағы фельдшер өлімі: Кінәлілер қанша жылға сотталмақ?

Ayzhan Sylanova
Фото: Tengrinews.kz / Айсултан Кульшманов

Астанада қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасы оқиғаға жауаптылардың жазасыз қалмауын талап етуде, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның туыстарының мүддесін қорғайтын тарап істі қайта саралау үшін жұмыс жүргізіп жатыр.

Адвокат Нұрсұлтан Орынұлының айтуынша, тергеу белсенді жүріп жатыр және заңгер істі Қылмыстық кодекстің 278-бабынан («Сапасыз салынған құрылыс») 279-бапқа («Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қағидаларды немесе нормативтік талаптарды бұзу») ауыстыруды көздейді. Оның сөзінше, әзірге нақты кінәліні атау қиын.

«Тергеу аяқталғаннан кейін жауапкершілікті кім көтеретіні анықталады. Бұл ПИК болуы мүмкін, құрылыс компаниясы немесе Тұрғын үй басқармасы болуы ықтимал. Үйдің пайдалануға берілгеніне 21 жыл болғаны рас, кепілдік мерзімі де өткен. Бірақ бұл ғимарат мүлде тексерілмеуі тиіс дегенді білдірмейді. Қалған ақпарат тергеудің құпиясына байланысты әзірге жарияланбайды», – деді адвокат.

Егер істі жаңа баппен қайта қозғау ұсынысы қабылданса, кінәлілер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары