Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада жеңіл атлетика федерациясы өз атлеттерін марапаттады

Астанада жеңіл атлетика федерациясы өз атлеттерін марапаттады

Бүгін Астанада жеңіл атлетика спортшыларын (ҚР ЖАФ) ұлықтады. Атақты спортшы Ольга Рыпакова аталған спорт түріне бұрын мұндай ілтипат білдірілмегенін айтты.

Жеңіл атлетика федерациясының басшылығы қазақстандық жеңіл атлеттер үшін үлкен мерекелік кеш ұйымдастырып, жиын барысында оларға ақшалай сыйақы мен естелік медальдар табыс етілді.

Ерекше ықыласқа үлкен додалардан жүлдесіз қайтпайтын Ольга Рыпакова бөленді.

«Жеңіл атлетика федерациясының біздің жетістіктерімізді бағалап, құрмет көрсетіп жатқандарына алғыс айтқым келеді. Шынымды айтсам, дәл осындай дәрежеде марапат көрсетеді деп күтпедім» , - деп сөзін қорытындылады Ольга Рыпакова.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Мадияр