KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Астанада ұлттық ат спорты түрлері клубы ашылды

• Азамат Қойшығара
Астана әкімдігі

Клуб 2024 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде халықаралық турнирлерге қатысып, Қазақстанды халықаралық спорт аренасында таныстырып келеді.

Клубтың жетекшісі – ат-спорттық бағыттардың еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Хасенов. Клубтың қызметі ат спортын дамытуға және кеңінен насихаттауға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ елорда тұрғындарының ұлттық ат спорты түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Клуб аясында жаттығулар мен спорттық іс-шаралар өткізіліп, шабандоздардың шеберлігін жетілдіруге және спортшыларды жарыстарға дайындауға жағдай жасалып жатыр.

Клубтың ашылуы елордадағы ат спорты мәдениетін одан әрі дамытуға және ұлттық ат спорты түрлерін кеңінен танымал етуге мүмкіндік береді.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →