KZNEWS.KZ
Қоғам

Астанада тұмау жұқтырған науқастар дәрігерге онлайн қаралатын болды

• KZNEWS

Астананың бас санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның қаулысына сай, қаладағы медициналық мекемелер тұмаудың белгілері бар науқастарды онлайн тексереді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ал, ауруханада адамдарды емдеп жүрген дәрігерлер бетпердесін әр 3 сағат сайын ауыстырып отыруы тиіс.

Адамдар көп жиналатын орындардың иелері ауаны зарарсыздандыруға міндеттелді. Ауруханалардағы ішкі температура +18°С-тан төмен болмауы тиіс.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Астанада тұмаудың өршуіне байланысты емханалар жексенбі күні де жұмыс істейтін болды. 

KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →