Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада Тимати концертіне қатысты пікірталас басталды

Астанада Тимати концертіне қатысты пікірталас басталды
Фото: ашықдереккөз

Желі қолданушысы Ерлан Амангелдинов жариялаған афиша суреті көпшіліктің назарын аударып, 128 мыңнан астам қаралым жинады. Ол өзінің қарсылығын Тиматидің Ресейдің Украинаға толыққанды басып кіруін қолдайтынымен түсіндірді. Пікірталас барысында қазақстандықтар музыканттың 2022 жылдың 18 наурызында Қырымды аннексиялаудың мерейтойына арналған «Лужники» митинг-концертіне қатысқанын еске салды.

Қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді. Бір топ тұрғын Астана әкімдігі мен қала әкімі Жеңіс Қасымбекке жүгініп, Тимати концертіне тыйым салуды және саяси ұстанымдары даулы әртістерді шақырмауды талап етті. Ал қарсы тараптағы қолданушылар мұндай мәселелерге назар аудармай, елдің ішкі проблемаларын шешуге шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.