Зейнетақы нарығы: жиған-тергеніміз желге ұшпай ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада қыз 10-қабаттан құлап кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр

Астанада қыз 10-қабаттан құлап кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Фото: ашық дереккөз

26 тамыз күні Астанада “Заңғар” тұрғын үй кешенінде Назым есімді қызылордалық тұрғын 10-қабаттан секіріп қаза тапты. Үйде қызбен бірге болған достарының сөзінше, ол анасын сағынғанын айтып, секірді десе, жақындары оған сенбейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Назымның Аңсаған есімді әпкесі редакциямызға сұхбат беріп, өз нұсқасын айтып берді. Сөзінше, Назым Қызылордадан Астанаға жұмыс істеу үшін барған. Ал оқиға 26 тамыз күніне қараған түні болған.

“Оқиға 26 күніне қараған түні таңғы жақын болған. Аяулым, Мағжан, Азамат есімді адамдар болған қасында. Бірақ олар ұзақ уақыт бойы жедел жәрдем шақырмаған. Біз енді сіңіліміздің “мамасын сағынды” екен деп терезеден секіріп кеткенге сенбейміз. Ол туралы бізге ештеңе айтпаған. Аяулыммен Қызылорда қаласында бірге жұмыс істеген. Кейін ол Астанаға кеткен, Назым да Астанаға барғанда бір-біріне хабарласып, үлкен қалада қыдырған”, – деді Назымның әпкесі Аңсаған.

Аңсағанның айтуынша, Назым Астанада өз туысқандарымен тұрған. Құрбысы Назымды шақырып, пәтерде 2 қыз, 2 жігіт болып отырған. Отырыс кезінде спиртті сусындар да болғанын Аңсаған жасырмады. 

“Назымнан кіші сіңілім екеуі сол уақытта сөйлескен. Бір-біріне “неге ұйықтамай жатсың?” деген сынды хабарламалар жазған. Түнгі 2:40 кеткенде қасындағы Аяулым кіші сіңіліме Назымның өмірден озғанын жазып жіберіпті. Жазбада: “Назымнан айырылып қалдық. Анасын сағынғанын айтып, терезеден секіріп кетті” деген хаттар жазып жіберген”, – деді әпкесі Аңсаған.

Фото: Марқұмның жақындарынан

Департамент камераны аштыртпай отыр

Аңсағанның сөзінше, Назымның жақындары Аяулымның айтқанына сенбейді. Ал мәселенің анық-қанығын білу үшін камераны ашып, түсіп қалған бейнероликті қарайын десе, полиция департаменті камераны аштырпай отыр.

“Полициядан камераны аштыртып, мән жайды білейік десек, олар бізге көрсетпей отыр. Сөздерінше, камераны ашып қарау үшін адвокат жалдау керек дейді. Бірақ кейбір таныстарымыз оны аштыру үшін міндетті түрде адвокатының болуы міндет емес дейді”, – деп мәлімдеді Аңсаған.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.