KZNews.kz
Шоу-бизнес

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 11 автобус өз жұмысын уақытша тоқтатты - новости Казахстана

KZNEWS

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 11 автобус өз жұмысын уақытша тоқтатқан. Бұл жайында Астана LRT Facebook парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото:mehtiev-nv.satu.kz

Компания тұрғындарға 300, 301, 302, 305, 308, 309, 312, 313, 315, 316, 318 автобустарының өз жұмысын уақытша тоқтатқанын мәлім етті.

Бұл шешім кейбір трассалардың жабылуына, қолайсыз ауа райына байланысты қабылданған.

Айта кетейік, күні кеше "Астана-Қарағанды", "Астана-Қабанбай батыр", "Астана-Қорғалжың" тас жолдары жабылған болатын.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары