KZNews.kz
Қоғам

Астанада қоғамдық орында үлкен дәретке отырған ер адам 15 тәулікке қамалды

KZNEWS

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады



Астанада қоғамдық орында үлкен дәретке отырған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Қоғамдық орында бола тұра, үлкен дәретке отырып, айналадағыларға құрметсіздік таныту фактісі бойынша елордалық ер адамға қатысты істі Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

«Орын алған құқық бұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іске қатысушылардың түсініктемелерімен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады. Сот қаулысымен азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамаққа алынды», - делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары