Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада қаза тапқан фельдшердің өлім себебі белгілі болды

Астанада қаза тапқан фельдшердің өлім себебі белгілі болды

Астанада тұрғын үйдің қасбет бөліктері құлаған кезде ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне не себеп болғаны сотта жария етілді. Сот-медициналық сараптама оның ашық бас-ми жарақатынан қайтыс болғанын көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы 3 қыркүйектегі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов сараптама қорытындысын таныстырды. Мамандардың мәліметінше, жарақат салдарынан марқұмның бас сүйегі сынып, ми қабықтарының астына қан құйылған.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үйдің маңында болған. Ғимараттың кірпіш қаптамасының бір бөлігі мен кондиционерге тиесілі конструкция құлап, бірнеше адам зардап шеккен.

Оқиға орнына жедел жәрдем құрамында барған Ұлдана Мырзуан да ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, фельдшер ауруханада қайтыс болды.

Қазір сотта ғимараттың техникалық жағдайына жауапты тұлғалардың әрекеті мен қайғылы жағдайға алып келген себептер қаралып жатыр. Іс бойынша сот тергеуі жалғасуда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.