Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада Президенттің қатысуымен жалпыұлттық телекөпір болады

Астанада Президенттің қатысуымен жалпыұлттық телекөпір болады
Фото: Kazakh-tv.kz

Бүгін Астанада “Индустриализацияның екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған” жалпыұлттық телекөпірі болады.

Шара аясында ҚР Президентінің “Алтын сапа” сыйлығының иегерлері, республикалық “Қазақстанның үздік тауары” байқау-көрмесінің және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз-2018” байқауының жеңімпаздары салтанатты жағдайда марапатталады.

Телекөпір барысында еліміз бойынша индустриялық, инновациялық, инфрақұрылымдық және энергетикалық жобалар іске қосылады.

Шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, Парламент депутаттары, “Атамекен” ҰКП өкілдері, саяси партия жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ірі өнеркәсіп орындарының басшылары, кәсіпкерлік саласындағы биылғы жүлде иегерлері мен номинанттары қатысады.

Жалпыұлттық телекөпір “EXPO конгресс-орталығында” сағат 13.00-де басталады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Санжар