KZNEWS.KZ
Қоғам

Астанада нөсер жаңбыр көшелерді суға батырды: жүргізушілер көлік төбесіне шығуға мәжбүр болған (ВИДЕО)

• Айгерім Асылова
Фото: Видеодан скрин

Бүгін Астанада тоқтаусыз жауған қатты жаңбыр қала көшелерін су астында қалдырды. Әсіресе, Бауыржан Момышұлы жақтағы көшелерде жағдай күрделі, жиналған су ағыны бірнеше көлікті батырып тастад, деп хабарлайды kznews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жаңбыр құйып тұрған кезде көше бойы дереу суға толған. Кейбір жүргізушілер көліктерінің төбесіне шығуға мәжбүр болған.

«Тағы да қайықпен жүру керек болды. Жаңбыр жауса, бұл көше ылғи да осылай», - деп жазған желі қолданушылары.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →