Маңызды мегаполис: Алматының өндірісі экономиканың жаңа тірегіне айнала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада ММА спортшысына қатысты іс қозғалды

Астанада ММА спортшысына қатысты іс қозғалды
Фото: instagram.com/mukhit_official

Мессенджерлерде қазақстандық ММА жауынгері әрі бокс жаттықтырушысы Мұхит Амантаевтың көпшілік алдында балағат сөз айтып, қарсыласына қоқан-лоқы көрсеткен видеосы тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық орында былапыт сөз айтып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту дерегі бойынша спортшыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қозғалған.

Жиналған материалдар заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзатын және өзгелерге құрметсіздік танытатын кез келген әрекет заң аясында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

«Құқықтық тәртіп – ең алдымен, мәдениетті мінез-құлық пен өзара құрметтен басталады», – деп мәлімдеді полиция.

Сондай-ақ ведомство Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» қағидаты қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған негізгі ұстанымдардың бірі екенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.