Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталды

Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталды

Астана қаласында азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Бұл туралы kznews.kz тілшісі хабарлайды КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы көлікті тоқтатқан. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеріс жүргізіліп жатыр. Астана қалалық полиция департаменті көлік құралын мас күйде басқару заңды өрескел бұзу әрі айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіретін әрекет екенін ескертеді. Мұндай фактілер заң аясында қатаң түрде тоқтатылады", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Рудныйдың бұрынғы прокуроры пара алу әрекеті үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Іс ашық түрде өтті. Тергеу дерегінше, айыпталушы қала әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысынан 39-шағынаудандағы абаттандыру жұмыстарына қатысты тексеруді тоқтату және қаржы жымқыру ісін қысқарту үшін ақша талап еткен. Бұл туралы шенеуніктің өзі ҰҚК-ге арыз жазған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.