“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада LRT жүйесіне қызметкерлер қабылдау басталды

Астанада LRT жүйесіне қызметкерлер қабылдау басталды
Фото: Zakon.kz / Оксана Даирова

Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеуге ниетті азаматтар үшін бірнеше бос жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды CTS компаниясы.

Бос лауазымдар тізімі:

  • станция ауысымының басшылары;
  • станция кезекшілері;
  • қозғалыс диспетчерлері (жылжымалы құрам орталығы);
  • орталықтандыру посты диспетчерлері;
  • жабдық пен инфрақұрылымды басқару орталығының диспетчерлері;
  • сигнализация техниктері;
  • байланыс техниктері;
  • электромонтерлер;
  • жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
  • жабдық жөндеу слесарьлары;
  • қойма меңгерушілері.

Оқыту және еңбек шарты:

  • Болашақ қызметкерлерді даярлау курсы жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және тәжірибелік дайындық Қазақстан мен Қытайда өтеді.
  • Оқу ұзақтығы — 4–6 ай, мамандық бағытына қарай өзгереді.
  • Курс соңында қатысушылар халықаралық сертификат алады және LRT құрылымдарына жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • көлік, машина жасау, электротехника немесе ұқсас сала бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
  • кемінде 2 жыл еңбек өтілі.

Оқу кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Ал қызметке орналасқаннан кейін жұмыс кестесі лауазым ерекшелігіне байланысты ауыспалы тәртіппен белгіленеді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.