Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада LRT 16-17 мамырда іске қосылады

Астанада LRT 16-17 мамырда іске қосылады
Фото © Tengrinews.kz

Астана LRT 16-17 мамырда жолаушылар тасмыалдауды бастайды. Бұл туралы журналистерге "City Transportation Systems" компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Ашылуы осы демалыс күндеріне жоспарланған. Иә, нақты", - деді Дүйсебаев бүгін Астана LRT нысанына жасалған экскурсия кезінде журналистерге.

Еске салсақ, LRT желісін тестілеу 2025 жылғы 29 қыркүйекте басталған болатын және бұл кезең кемінде алты айға жалғасуы керек еді. Бұған дейін City Transportation Systems компаниясы пойыздардың қозғалыс жылдамдығы сағатына 40–50 шақырым болатынын хабарлаған. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» станциясынан әуежайға дейінгі сапар шамамен 40 минутқа созылады, ал пойыздардың қатынау аралығы бағыт бөлігіне қарай 5–10 минутты құрайды.

LRT желісі елорданың негізгі нысандарын өзара байланыстырады. Бағыт халықаралық әуежайдан басталып, арнайы депо арқылы «Нұрлы жол» вокзалына дейін жалғасады. Жоба аясында қаланың басты іскерлік және тұрғын аудандарын қамтитын 18 станция салынған.

«Астана LRT» желісі 18 станцияны қамтиды. Олар: 101 — «Әуежай», 102 — «Атамекен», 103 — «Есіл», 104 — «Мәңгілік ел», 105 — «Астана жұлдызы», 106 — «Нұра», 107 — «Университет», 108 — «Ұлы дала», 109 — «Астана Арена», 110 — «Жекпе-жек сарайы», 111 — «Сығанақ», 112 — «Бәйтерек», 113 — «Министрліктер үйі», 114 — «Ұлттық музей», 115 — «Театр», 116 — «Мыңжылдық аллеясы», 117 — «Жібек жолы» және 118 — «Нұрлы жол».

Алдағы уақытта қала әкімдігі LRT желісін Қосшы қаласына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңіне дайындық басталып кеткен. Жуырда жаңа эстакада учаскесіне арналған алғашқы темірбетон арқалығы құйылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі