KZNews.kz
Қоғам

Астанада косметикалық операциядан кейін бойжеткен алты айдан бері комада жатыр

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген-келтірілмегенін анықтау үшін тәуелсіз сараптама комиссиясы тағайындалған.

«2025 жылдың маусымында “AESTHETIC LIFE” ЖШС клиникасына тәуелсіз сараптама өткізу туралы хат жолданды. Комиссия қорытындысы өтініш беруші мен департаментке ресми түрде ұсынылады», – делінген комитет хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, егер бойжеткеннің туыстары сараптама нәтижесімен келіспесе, олар Астана қаласы бойынша комитет департаментіне жүгініп, клиника қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізілуін сұрай алады.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы ауыр күйінде қалып отыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары