Қостанайда студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық болидті құрастырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды
Фото: ашық дереккөзден

Өрт төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған

Астана қаласының Ғ. Мүсірепов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдай туралы хабарлама «112» пультіне түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына аттанған, деп хабарлайды kznews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері келген кезде өрттің төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанғаны белгілі болды. ТЖМ мамандарының жедел әрекетінің арқасында жалын тез арада ауыздықталды. Құтқарушылар тілсіз жаудың басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Құтқару бөлімшелері жеткенге дейін пәтер тұрғындары қауіпсіз жерге өз бетінше шығып үлгерген. Барлығы 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.