Астанада көп балалы аналар көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті
06.02.2019
13:12
0
7

Әйелдер қала басшылығымен кездесуді талап етіп, аязды күні далада жиналды
Астанада өрттен бес қыз қаза болғаннан кейін 60-қа тарта көп балалы ана көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Далада отыз градус аяз болғандықтан, әкімдік өкілдері әйелдерді "Астана" концерт залына (бұрынғы Конгресс-холл) ертіп барды, ыстық шай беріп, микрофон қосты.
Әкім Бақыт Сұлтанов кездесуге келе алмады, орнына орынбасарын жіберіпті.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/ "Көпбалалы аналармен кездесуге Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Астана қаласы қоғамдық даму істер басқармасының басшысы Данияр Есин қатысып жатыр", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Әйелдер өз проблемаларын айтып, нақты іс-әрекеттерді талап ету үшін жиналды.Көпбалалы отбасындағы трагедия
Дүйсенбі күні түнде, 4 ақпанда көп балалы отбасы тұратын үйден өрт шығып, бес қыз көз жұмды. Балалардың ата-анасы түнде жұмыс істеген. Кеше апалы-сіңлілі қыздар жер қойнына тапсырылды, жаназаға мыңдаған астаналық келді.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ