Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада көлігімен итті сүйреген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Астанада көлігімен итті сүйреген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Оқиға 29 қаңтар күні түскі уақытта болды

Астанада көлігімен итті сүйреген жүргізуші қолға түсіп, жауапқа тартылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 29 қаңтар күні шамамен сағат 13:40-та №1 Арнайы ХҚО аялдамасының маңында болған. Куәгердің айтуынша, жануардың осындай жағдайда қанша уақыт және қандай қашықтыққа сүйретілгені белгісіз.

Қалалық Полиция департаменті жағымсыз оқиғаны ресми түрде растап, агенттік тілшісіне оқиғаның мән-жайы туралы түсініктеме берді.

«Тексеру барысында 41 жастағы ер адамның итті серуендету кезінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бұзғаны анықталды. Иттің иесі иттің қарғыбауын көлік құралының жүксалғышына байлап, ең төменгі жылдамдықпен қозғала отырып, оны серуендеткенін түсіндірді. Кейін жануар қозғалысты жалғастырудан бас тартқан соң, иесі итті жүксалғышқа салып алған.

Аталған дерек бойынша ер адам заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген ПД хабарламасында.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.