KZNEWS.KZ
Әлеумет

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы он күннен соң көтеріледі

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Құжатқа сәйкес, электронды төлем жасаған жолаушылар қала ішіндегі қарапайым автобустарда 150 теңге, ал экспресс-маршруттарда 300 теңге төлейді.

Қолма-қол ақшамен есеп айырысқанда жол жүру ақысы қымбатырақ болады. Қарапайым маршруттарда тариф 300 теңге, экспресс-автобустарда 400 теңге болып белгіленген.

Қала маңына қатынайтын автобустарда жол ақысы әр шақырымға есептеледі. Электронды төлем кезінде бір шақырымның құны 13 теңге болса, қолма-қол төлемде 19 теңге болады.

Қаулыда электронды төлем жүйесі істен шыққан жағдайда жолаушылардың қоғамдық көлікте тегін жүретіні де жазылған.

Жаңа құжат күшіне енгеннен кейін 2024 жылғы 16 шілдедегі №503-2348 қаулының күші жойылады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →