"Бір жалақыға өмір сүргір..." : басшы мен жұмысшының табыс айырмасы 6 еседен асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы он күннен соң көтеріледі

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы он күннен соң көтеріледі
ашық дереккөз

Астанада қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы төлем тәсілі мен маршрут түріне байланысты белгіленді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Құжатқа сәйкес, электронды төлем жасаған жолаушылар қала ішіндегі қарапайым автобустарда 150 теңге, ал экспресс-маршруттарда 300 теңге төлейді.

Қолма-қол ақшамен есеп айырысқанда жол жүру ақысы қымбатырақ болады. Қарапайым маршруттарда тариф 300 теңге, экспресс-автобустарда 400 теңге болып белгіленген.

Қала маңына қатынайтын автобустарда жол ақысы әр шақырымға есептеледі. Электронды төлем кезінде бір шақырымның құны 13 теңге болса, қолма-қол төлемде 19 теңге болады.

Қаулыда электронды төлем жүйесі істен шыққан жағдайда жолаушылардың қоғамдық көлікте тегін жүретіні де жазылған.

Жаңа құжат күшіне енгеннен кейін 2024 жылғы 16 шілдедегі №503-2348 қаулының күші жойылады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі