"Қалай сенерімді білмеймін": Қаза тапқан полицейдің қарындасы жан тебірентер жазба жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада ескі вокзалдың төбесі құлады

Астанада ескі вокзалдың төбесі құлады
Фото: видеодан скриншот

Астанадағы ескі теміржол вокзалында орналасқан асхананың төбесі құлап, оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, төбе опырылған сәтте асхана ішінде сегіз-тоғыз адам болған. Келушілердің көпшілігі дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Салдарынан бір әйел жеңіл жарақат алып, денесін соғып алған.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, оқиға 28 маусым күні таңғы сағат 05:35 шамасында вокзал аумағындағы «Етас» ЖШС-не тиесілі қоғамдық тамақтану орнында болған.

Компанияның хабарлауынша, вокзалдың медициналық пунктіне асхананың екі келушісі жүгінген. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, екеуі де жедел жәрдем шақырудан бас тартқан. Оқиғаға байланысты вокзал бастығының кезекші көмекшісі тиісті акт рәсімдеген.

ҚТЖ өкілдері асхана орналасқан нысан ескі вокзал ғимаратының жекеменшік бөлігінде екенін атап өтті. Осыған байланысты ғимараттың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігіне меншік иесі жауапты екені хабарланды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.